BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Өзбекстанда «Көліксіз күн» акциясы өтеді

Өзбекстандықтар айына бір күн жаяу жүрулері мүмкін. Яғни, әрайдың үшінші жұмасы «Көліксіз күн» деп жарияланбақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттіг 24 хабар арнасына сілтеме жасап.

Ішкі істер министірлігінің бұл бастамасын үкімет қолдапотыр. Тәжірибе ретінде қыркүйектің соңында арнайы акция ұйымдастырылады.Өзбекстандағы заң шығару палатасының депутаттары да көліктерін қойып,көпшілікпен бірге бір күн қоғамдық көлікпен қатынауға дайын. Бастама жұрттанқолдау тапса, бұл күнге арнайы мәртебе де беріледі.

Экономикасы екпін алып келе жатқан көрші елде жыл санапкөлік саны да еселеп артып келеді. Бірғана Ташкенттің өзінде миллонға жуық темір тұлпар бар. Оған қалағакеліп-кететін көлікті тағы қосыңыз. Басқа елдер сияқты өзбекстандықтар да кейдекөліктерін қоятын жер таппай қиналып жатады. Қырық жылдан астам темір тұлпартізгінімен алысып келе жатқан Ғани Абдуллаев айына бір күн жаяу жүру құптарлықіс деп отыр.

«1975 жылдан берікөлік жүргіземін. Әскерде жүріп жүргізу куәлігін алғанмын. 70-80 жылдарымашинам болатын. Қазір көлік нөпірі бірнеше есе артып кетті. Мен 63 жастамын.Үкіметтің «Көліксіз күн» деген бастамаы, менің ойымша, өте дер кезіндекөтерілген ой деп білемін. Біріншіден, әсем қаламыздың экологиясы жақсарады.Екіншіден, жаяу жүру денсаулыққа пайдалы», -дейді көлік жүргізуші Ғани Абдуллаев.

Өзбекстандықтар «Көліксіз күн» акциясын күздің соңындаұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Билік ешкімді көліксіз жүр деп мәжбүрлемейді.Әркімнің өз еркі. Дегенмен, бұл жерде тек халықтың белсенділігі мен табиғатқадеген сүйіспеншілігін ояту», - дейді заң шығару палатасының депутаты. Бастамахалықтан қолдау тапса депутат бір күн жаяу жүруге дайын екендігін білдірді.

«Бұл жерде бірінші арнайы мониторинг жүргізіледі. Екіншіден, халықтың пікірі толық ескерілетін болады. Негізінен сараптама аудан және қала орталықтарында көлік нөпірі көпшоғырланған базарлар мен бизнес орталық алдында жүргізіледі. «Көліксіз күн»шарасына әркім өз қалауымен атсалыса алады. Еркіндік беріледі. Біз осылайша,бір күн болса да көлік нөпірін азайтсақ, бұл өте тиімді болмақ», -Өзбекстанпарламентінің депутаты Жамшид Пирматов.

Жалпы Өзбекстанда сәрсенбі «Өртке қарсы күрес» күні депбелгіленген. Ал бейсенбіде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Енді әрайдың үшінші жұмасында жұрт машинасын тастап қоғамдық көлікпен жүрмек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер