BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Өзбекстанда денесіне 16 ине кірген бала жазылып, ауруханадан шықты

Өзбекстанның Ферғана облысында туған 11 айлық Азизбек Абдумажидов жазылып, ауруханадан шықты. Дәрігерлер оның денесінен 16 тігін инесін тапқан болатын, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Ташкенттегі жедел жәрдем көрсету орталығының балалар хирургы Дониёр Асадуллаев сәбидің денесінде әлі үш ине қалғанын, бірақ олар баланың өміріне қауіп төндірмейтінін айтқан. Азизбек аймақтық дәрігерлердің бақылауында болады.

Еске сала кетейік, 17 қаңтарда 11 айлық Азизбек Абдумажидовтың денесінен 16 ине табылған. Дәрігерлер оған тоғыз сағат бойы ота жасап, 13 инені алған. Бірақ операциядан кейін Азизбек комаға түсіп қалды.

Дәрігерлердің айтуынша, инелер сәбидің денесінде екі айдан бері болған. Бұл инелер баланың денесінде қалай пайда болғанын әлі ешкім ашық айтқан жоқ. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Дегенмен дәрігерлер сонша инені сәбидің жұтып қоюы мүмкін еместігін жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер