BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Өзбекстанда бірнеше жігіт студентті аяусыз соққыға жығып, видеоға түсіріп алған

Ферғана облыстық милициясы Маргилан қаласының жас тұрғынын соққыға жыққан бес адамды ұстады. Әлеуметтік желілерде бірнеше жігіт жас баланы гомосексуал деп айыптап, соққыға жыққан видеосы тарады. Бұл оқиға екі ай бұрын Ферғана қаласының Киргули ауданында болған, деп жазды centralasian.org.

Өзбек милициясы күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлады өзбек баспасөзі.

«Шұғыл іздестіру жұмыстары нәтижесінде бес адам ұсталды. Олар Ферғана облысы тұрғынының ар-ұжданына тиіп, видеоны интернет арқылы таратқан деген күдікке ілінді», - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда органдары ұсталғандардың басқа да қылмастарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Зорлық-зомбылық құрбаны болған 24 жастағы жігіт Ферғана политехникалық институтының студенті екені анықталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер