BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Өзбекстан Ресеймен бірлесіп телеарна ашпақ

Өзбекстан Ресейдің «Первый канал» телеарнасымен бірлесіп екі елдің медиа-коммуникация саласының дамуына байланысты жаңа канал ашады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Өзбекстанның ақпараттық технологиялар және коммуникация жөніндегі министрі Азим Ахмедхаджаев пен Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Алексей Волин арасында талқыланған.

Келіссөзге Ресей президенті басқару ісінің, «Россия Сегодня», «Первый Канал», «Россия24» өкілдері қатысқан.

Атап айтқанда, ресейлік делегация өзбек әріптестерін Ресейдің сандық телеарнаға қалай көшкенін түсіндіріп, мобильді телеарна құруды ұсынған. Мұнан бөлек «Первый канал» арнасымен бірлесіп, ресейлік режиссёрлерді тарту арқылы Өзбекстанға еңбегі сіңген қайраткерлер жайында деректі фильмдер түсіру талқыланған.

Мұнан бөлек тараптар медиа саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы форумдар мен семинарлар өткізіп тұруға келіскен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер