Өзбекстан президенті тұңғыш рет түрмедегілерге рақымшылық жасады - Әлем|07 Желтоқсан 2017, 09:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Өзбекстан президенті тұңғыш рет түрмедегілерге рақымшылық жасады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жарлық шығарып, сотталған 2,7 мың адамға рақымшылық жасады, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Рақымшылық туралы жарлықтың Өзбекстан тарихында тұңғыш рет қабылданғаны айтылады.

"Біздің елде тұңғыш рет Өзбекстан Президенті 2 700 адамға рақымшылық жасау туралы жарлық қабылданды, оның ішінде түрлі жағдайда қылмыс жасап, өз ісіне өкініп, дұрыс жолға түсіп, тұрғылықты жері әрі жазаны өтеу орындарынан жақсы мінездемесі барлардың қатарынан жазаны атқару колонияларынан 956 адам шығады", - делінген хабарламада.

Рақымшылық туралы акт арқылы сотталғандарға елде болып жатқан реформалардың белсенді қатысушысы болып, отбасына оралып, қоғамға енуіне мүмкіндік жасалып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер