BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Өзбекстан президенті 200-ден астам сотталушыға рақымшылық жасады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 200-ден астам сотталушыға рақымшылық жасау немесе жазасын жеңілдету туралы жарлық шығарды деп хабарлады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Азаттықтың өзбек редакциясының мәліметіне қарағанда, "Жазасын өтеп жатқан, істеген ісіне өкініп, түзелген сотталушыларға рақымшылық жасау туралы" жарлық 12 маусым күні, мұсылмандардың Рамазан айы аяқталуға аз күн қалғанда жарияланған.

Құжат бойынша, 102 сотталушы жазадан толық босатылады, 71 адам жазасын шартты түрде өтеуден босатылады, тағы 39 сотталушының жазасы жеңілдетіледі. Бұдан өзге, 14 сотталушыға кесілген бас бостандығынан айыру жазасы қысқарады. Рақымшылық жасалғандар арасында 39 шетел азаматы және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 51 адам бар.

Жарлықты іске асыру аясында жауапты министрліктер мен ведомстволарға рақымшылық жасалған адамдардың отбасы мен жақындарына оралуына, әлеуметтік тұрғыдан бейімделуіне және қоғамда өз орнын табуына жәрдемдесу тапсырылды.

2017 жылы желтоқсанда Мирзияев Өзбекстан Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына орай 2700 сотталушыға рақымшылық жасаған.

Естеріңізде болса, Қадір түні қарсаңында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімухамедов те 600-ден астам сотталушыға рақымшылық жасаған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер