USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Өзбекстан мен Түркіменстан Амударияны кесіп өтетін жаңа көпір салып жатыр

Келесі жылдың басында Амудария өзенін кесіп, Өзбекстан мен Түркіменстанды жалғайтын ірі көлік және темір жол жүретін магистралды көпір іске қосылады.

Бұл жөнінде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов мәлімдеді деп хабарлайды Uzbekistan Today агенттігі.

Аймақтағы ең ірі көпірді іске қосу екі елдегі көлік қозғалыстарын жылдамдатады деп атап өткен Түркіменстан басшысы Ашхабадта өткен БҰҰ-ның көлік тұрақтылығы жөніндегі ғаламдық конференцияда.

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Рустам Азимов қазіргі уақытта ең бастысы көлік байланысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мәселе деген. Ол соңғы екі жылда Өзбекстанның сыртқа тасымалдайтын жүгі екі есеге артқанын атап өткен. Ол мұның басты себебі Иран мен Түркіменстан өздеріне кеден салығында жеңілдік бергенімен түсіндіреді.

centralasian.org

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады