BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Өзбекстан мен Тәжікстан «Каримов дуалын» бұзып тастады

Фото: ozodlik.org

18 ақпанда Өзбекстанның Самарқан облысы және Тәжікстанның Соғды облысын қосатын «Саразм-Джартепа» бақылау-өткізу пунктінде үлкен дуал бұзылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ozodlik.org басылымына сілтеме жасап.

Халық арасында бұл ғимарат «Каримов дуалы» деп аталып кеткен. Оның ұзындығы – 3 метр, ені – 10 метр. Ол 2010 жылы өзбек билігінің бастамасымен тұрғызылған.

Дуалды бұзған кезде Өзбекстан және Тәжікстан шекарашыларының делегациясы болды.

«Азаттыққа» тәжік билігі бұл бақылау-өткізу пунктінде терминал, қонақ үй және автотұрақ салу жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Саразм-Джартепа» БӨП-ке жақын жердегі Пенджикент ауданындағы «Саразм» ауылының тұрғыны Осим Жамоловтың айтуынша, жергілікті тұрғындар шекарадағы өзгерістерді екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін жасалып жатыр деп есептейді.

«Біз бұрын жақын жердегі өзбек қалаларына баратынбыз. Самарқанға барып азық-түлік алатынбыз. Өйткені Соғды ауданының ортылығы Худжанд қаласы біздің ауылдан алыс. Ал Самарқан одан бірнеше есе жақын. Худжанға дейін 250 км болса, Самарқан 36 шақырым жерде тұр», - дейді Тәжікстан азаматы.

«Саразм-Джартепа» БӨП келесі айдың ортасында ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Пенджикент ауданының радио журналисі Шохин Равшан мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Пенджикентте «Наурыз» мерекесіне даярлық басталып кетті. Мерекелік шараға Өзбекстан делегациясы қатысады.

«Пенджикент қаласында наурызды тойлауға Өзбекстан және Тәжікстан президенттері қатысады деген сыбыс бар», - деді тәжік журналисі.

Еске сала кетейік, наурыздың екінші жартысында Өзбекстан президенті Тәжікстанға ресми сапармен барады. Ол кезде Шавкат Мирзияев мен Эмомали Рахмон екіжақты маңызды келісімдерге қол қояды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер