Өзбекстан мен АҚШ 4 млрд доллардың келісіміне қол қоймақ - Әлем|15 Мамыр 2018, 10:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Өзбекстан мен АҚШ 4 млрд доллардың келісіміне қол қоймақ

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің АҚШ-қа сапары кезінде екі ел 4 жалпы сомасы 4 миллиард болатын келісім-шарттарға қол қойғалы отыр. Бұл туралы американ-өзбек сауда палатасының төрайымы Кэролин Лэмм мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rus.ozodlik.org-қа сілтеме жасап.

Мұның алдында Өзбекстан президенті баспасөз қызметі Мирзияевтің 15-17 мамыр аралығында АҚШ-қа алғаш рет ресми сапармен барғалы отырғанын хабарлаған болатын.

«15 мамырда жалпы сомасы 4 миллиард доллар шамасындағы келісімдерге қол қою жоспарланып отыр» деді Лэмм «Өзбекстан-24» телеарнасына берген сұхбатында. Оның айтуынша, құжаттар сауда, инвестиция саласында болады.

Лэмм сонымен қатар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтың басты бағыттары ретінде мұнай-газ және түсті металлургия саласын атады. «Біз Өзбекстанда бірлескен кәсіпорындар ашуға көптеген мүмкіндіктер бар екенін көріп отырмыз» деді ол.

Трамп пен Мирзияев алғаш рет 2017 жылы Эр-Риядта араб-мұсылман елдері мен АҚШ саммитінде кездескен болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер