Оңтүстік Судандағы азаматтық соғыс аяқталды - Әлем|06 Тамыз 2018, 13:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Оңтүстік Судандағы азаматтық соғыс аяқталды

Оңтүстік Судан президенті Салва Киир мен көтерілісшілердің басшысы әрі бұрынғы вице-президент Риек Машар Тени оқ атпау және уәкілеттілікті бөлу жөнінде соңғы келісім жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

«Оңтүстік Судан прзиденті ретінде бүгін жасалған келісім еліміздегі соғыс пен текетіреске нүкте қояды деп мәлімдеймін», - деді президент.

Оның айтуынша, үкімет пен көтерілісші топтар арасында жасалған бұл келісім сәтті аяқталды, өйткені бұған дейінгілерге қарағанда сыртқы көмек күшінсіз жасалған.

Келісім бойынша, Машар қайтадан вице-президент лауазымына келеді.

Еске салсақ, Оңтүстік Судан 2011 жылы Суданнан тәуелсіздігін алған болатын, екі жылдан кейін елде азаматтық соғыс басталған еді.

БҰҰ дерегінше Оңтүстік Судандағы қақтығыста он мыңдаған адам көз жұмған, 2,2 млн адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер