BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

«Оно» фильмінде ойнаған актер қайтыс болды

Гарри Андерсонның үйінен полицияға хабар келіп түсті. Құқық қорғау органдары қызметкерлері оқиға болған жерге келіп, актердің өлі денесін тапты. Марқұм биыл 65 жаста еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Каролина штаты Ашвилл қаласында америкалық актер Гарри Андерсон өлі күйінде табылды. Әзірге оның неден қайтыс болғаны туралы ақпарат тарамады.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, артисті біреу өлтірді деуге дәлел жоқ. Ал Андерсонның ұлы Дэшиел әкесінің өзі өлгенін хабарлады.

Гарри Андерсон Стивен Кингтің «Оно» романы бойынша түсірілген фильмде ойнаған. Аталған фильм 1990 жылы түсірілген болатын. Ол Ричи Тозиер есімді кейіпкердің рөлін сомдады. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы бұл фильм қайта жаңартылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қазан 2018, 21:35
"Өзгеретін уақыт болды"
Пікірлер