BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Өлді деп мәйітханаға апарған әйел тіріліп кетті

Фото: life.ru

Гепатитпен ауырған Үндістанның 40 жастағы тұрғыны Ратнамда соңғы екі ай бойы ауруханада жатқан. Емнен нәтиже болмаған соң жақындары оны үйге алып кетеді. Жолда Ратнамның жағдайы мүлдем нашарлайды. Оны қайтыс болды деп ойлаған туыстары мәйітханаға апарған.

Керала шататы Индукки аймағының мәйітхана қызметкерлері әйелдің туыстарының сөзіне сеніп, қосымша сараптама жасамайды.

Қызметкерлер әйелді тоңазытқышқа жатқызған соң туыстары үйіне тарқасады. Бір сағаттан кейін жерлеу рәсімін өткізуге келгенде олар әйелдің қозғалып, тыныс алып жатқанын көреді.

Алайда, Ратнамның туыстары неге екені, дәрігерлерді емес, полицияны шақырған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері әйелді бірден ауруханаға жеткізген, бірақ Ратнам ауруханаға жатқызғаннан кейін қайтыс болады.

Кейін Керала полициясы әйел медициналық тексеріссіз мәйітханаға жіберілгенін растаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
07 Қараша 2017, 13:05
МЕНДЕГІ ӨМІР БАСҚА...
Пікірлер