Оқушы электронды күнделікті бұзып, өзінің бағасын түзетіп алған - Әлем|01 Желтоқсан 2017, 19:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Оқушы электронды күнделікті бұзып, өзінің бағасын түзетіп алған

Ресейдің Вуктылу қаласында 9 сынып оқушысы электронды күнделікті бұзып кіріп, өзіне «5» деген бағалар қойып алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті өңірдің ІІМ өкілдері мәлім еткен.

15 жастағы оқушының бұл әрекетін информатика пәнінің мұғалімі біліп қойған. Мұғалім электронды күнделіктің бұзылып, оның ішіндегі бағалардың жақсарғанын байқайды.

Белгілі болғандай, күнделікті бұзған оқушы өзінің ғана бағасын емес, жанындағы серіктестерінің де үлгерімін жақсартып берген.

Оқушының электронды күнделікті үйіндегі компьютер арқылы бұзғаны анықталды. Электронды күнделікке кіру үшін ол мектептегі информатика кабинетінен бағдарлама ұрлаған. Яғни, электронды күнделікті бұзатын деректерді тауып алып, өзіне қажетті мәліметтерді флеш-картаға жүктеген.

Қазір полицейлер осы істің мән-жайын анықтауда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер