BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Нью-Йоркте тікұшақ бұғазға құлады

Бортында бірнеше адам болған тікұшақ Нью-Йоркте апатқа ұшырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Бірлескен баспасөз хабарламасы кезінде Нью-Йорк полициясы мен өрт сөндіру қызметі үш адам ауруханаға жатқызылғанын және қазіргі уақытта олар ауыр халде екенін мәлімдеді.

Тікұшақ ұшқышы апатқа ұшыраған әуе көлігінен өз бетінше шыққан және ол да ауруханаға жатқызылған. Апат салдарынан екі адам қаза тапқан. Полиция комиссары Джеймс О'Нил мәлім еткендей, тікұшақ жеке рейсті жүзеге асырып жатқан.

«Бұл фототүсірілім жүргізу үшін ұйымдастырылған жекеменшік ұшу болған», - деді Джеймс О'Нил журналистерге.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер