BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Непалда ұшақ апатынан 49 адам қаза тапты

Непалда орын алған ұшақ апатынан кемінде 49 адам көз жұмды, оқиға кеше Катманду қаласындағы Трибхуван әуежайында тіркелді. БС 211 ұшағы жекеменшік Бангла әуе компаниясына тиесілі. Дхакадан ұшып келе жатып, ұшу-қону жолағына жеткенде істен шығып, жанып кеткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Ұшақта барлығы 71 жолаушы болған. 40 адамның мәйіті оқиға орнынан табылып, 9 жолаушы емханада көз жұмды. Ал қалған 22 адам ем алып жатыр. Апат жергілікті уақыт бойынша түнгі 2:15-те орын алған.

Жолаушылардың басым бөлігі - Непал және Бангладеш тұрғындары, бір адам Қытай азаматы, тағы бір азамат Мальдив аралдарынан екен. Бұл туралы Трибхуван әуежайының бас директоры Радж Кумар Чхетри мәлімдеді. Ал экипаж мүшелерінің бәрі де – 4 азамат Бангладеш тұрғындары екені анықталды.

«Ұшақ ұшу-қону жолағының оң жағынан қонуы тиіс болатын, алайда ұшқыш сол жағынан қонуға тырысқан. Билік өкілдері олардың неліктен мұндай қадамға барғанын анықтай алмай отыр», - деді Чхетри.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер