USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Назарбаев басқарған Қазақстан бейбіт жолмен өз қоғамын нығайтты - Еуропарламент

Мемлекет басшысын таңдауда Қазақстанның жолы болды. Еуропа парламентіндегі Латвияның өкілі, депутат, Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі ЕП делегациясы төрағасының орынбасары Татьяна Жданок Брюссельдегі «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

«Мұндай өзгерістер кезеңінде (КСРО-ның ыдырауы - ред.) көп нәрсе тұлғаға байланысты болады. Қазіргі уақытта шоқтығы биік саясаткерлердің жетіспеушілігі туралы пікірмен де көпшілігі келіседі. Нұрсұлтан Назарбаев - сондай біртуар тұлға», - деп еуродепутат Қазақстан тарихындағы Тұңғыш Президенттің рөліне пікір білдірді.

Ол «Елді өтпелі кезеңнің аласапыранынан аман алып шыққан Мемлекет басшысы бар Қазақстанның жолы болды», деп толықтыра түсті.

Т.Жданок ҚР Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында айтқан бастамаларына айрықша назар аударды.

«Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында айтқан бастамалары өте маңызды деп есептеймін. Ол «болашақ қоғам» туралы өз болжамдарын айтып, жаңа құрылымдар туралы сөз қозғайтын санаулы саясаткерлердің бірі. Сол қасиетімен ол әлемдік деңгейдегі саясаткерге айналды», - деп атап өтті Еуропарламент депутаты.

Татьяна Жданоктың пікірінше, тәуелсіздік жылдары толеранттылық пен келісім үлгісін ілгерілету жөніндегі ел басшылығы қабылдаған шаралар өз тиімділігін көрсетті.

«Әлбетте, өзге посткеңестік елдермен салыстырғанда, Назарбаев басқарған Қазақстан дау-жанжалсыз бейбіт жолмен өз қоғамын нығайтты», - деді Т.Жданок.

Татьяна Жданоктың пайымдауынша, «Қазақстан өзге мемлекеттермен сәтті қарым-қатынас орнатудың нағыз үлгісіне айналды». Ол Қазақстан Республикасының Еуроодақпен Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім бекіткен Орталық Азияның алғаш елі екенін еске салды.


Дерек көзі:inform.kz

Ұқсас сілтемелер:
03 Желтоқсан 2016, 22:23
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ...
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады