BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Мьянма мұсылмандары халықаралық көмекті қабылдай бастайды

Мьянманың батысында тұратын мұсылман-рохинджалар халықаралық гуманитарлық көмектерді алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ел билігі Ракхайн штатына қайырымдылық шараларын жүргізуге келісім берген. Бұл туралы Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак Манилада өткен Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының саммитінде мәлімдеді.

«Мьянма Сыртқы істер министрі әрі Мемлекет басшысының кеңесшісі Аун Сан Су Чжи сәуір айында болған соңғы кездесуде (онда да Оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының кезекті саммитінде кездескен – ред.) жасаған ұсынысымызды осы жолы қабылдады» - деді Наджиб Разак.

Оның сөзіне қарағанда, Мьянманың саяси көшбасшысы «Ракхайнға халықаралық көмек керсетуге келіскен».

«Ол сондай-ақ мәселеге ұзақ мерзімді шешім табу принциптерін ұстануға уәде берді, бұл сенім мен келісім қағидаттарына негізделетін болады» - дейді Малайзия үкіметінің басшысы

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер