BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Мьянма билігі рохинджа босқындарын елге қайтара бастады

Фото: ИноСМИ

Мьянма үкіметі аяусыз репрессиядан бас сауғалап, көрші Бангладешке қашқан босқандардың алғашқы отбасын елге қайтарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Мьянмадан Бангладешке 700 мыңға жуық рохинджа қашқан. Адам құқығын қорғаушылар биліктің қазіргі әрекетін сынады. Мьянмаға қайта оралу - мұсылмандар өміріне қауіпті болуы мүмкін деп есептейді сарапшылар.

Өз мемлекеті жоқ рохинджа мұсылмандары өткен жылы тамыз айында Мьянма билігі тарапынан аяусыз репрессия мен жаппай азаптау науқанына тап болды. Мьянманы сынаған БҰҰ рохинджаларды ығыстыруды зұлымдығы жағынан этникалық тазалауға пара-пар деп атаған. Дегенмен Мьянма билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, әскер қаруланған бүлікшілерге қарсы операция жүргізді деп ақталған.

Бангладеш пен Мьянма босқындардың репатриациясын жыл басында жариялаған, бірақ бұл жоспарды орындау бірнеше мәрте кейінге шегеріліп келген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер