BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Мұз айдынында көне өркениеттің болғанын дәлелдейтін іздер табылды

Фото: Phys.org

Ғалымдардың халықаралық тобы гренландиялық мұз айдынының сынамасынан біздің заманымызға дейін 1100 және 800 жылдар аралығында түзілген қорғасын шығарындысының ізін анықтады. Ауыр метал шөгіндісінің жасы көне еуропалық өркениеттің шарықтап даму және құлдырау кезеңімен тұспа-тұс келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Phys.org ғылыми-техникалық жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Ежелгі Грекия мен Рим империясы кезеңінде еуропалық қорғасын-күміс кенін өңдеу барысында атмосфераға қорғасын түскен, содан соң жел арқылы Атлант мұхитымен Гренландияға жеткен. Мұнда металл бөлшектері шаң және су тамшыларымен мұз айдынына шөгіп қалған.

Фото:Phys.org

Зерттеушілер алынған жынысөзектегі қорғасын мөлшері 21 мыңнан астам түрлі өлшемдермен өлшенген. Ол 1900 жылдық кезеңді қамтыды.

Мамандардың есептеуінше, қоршаған ортаға шығарылған қорғасынның басым бөлігі күмісті көптеп өндірудің нәтижесі. Себебі, сол кездері тиын жасау үшін күміс жақсы өндірілген. Сонымен, ауыр металл шығарындысы біздің заманымызға дейін 900 жылдары финикиялықтардың Жерорта теңізінің батысында сауда бағыттарын кеңейтуге байланысты артқан. Ластану Рим империясының өркендеу кезеңімен тұспа-тұс келеді (біздің заманымыздың I-II ғасыры).

Айта кетейік, қорғасын концентрациясының төмендеуі оба індетінің ушығуымен, соғыс және саяси дағдарыспен бірдей жүрген. Сонымен қатар, Ежелгі Римнің соңғы 80 жылында ауыр металл шығарындысы шамамен төрт есе азайған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер