BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Моңғолия жайлы қызықты деректер

Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсенбай осыдан бір апта бұрын Nomad Explorer Extreme сапарымен Монғолияның солтүстік көлдеріне экспедиция бастаған болатын. Ол өзінің жолжазбасында Моңғолия жайлы қызықты әрі пайдалы деректер келтіреді. Сонымен кәсіпкер-жиһанкездің жазбаларын назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Ол бұл туралы өзіні ңәлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

1. Полиция қызыметкерлері аз, олар мүлдем көрінбейді де. Көрген полицияларымыз жылышырай танытып қонақжайлы екендерін көрсетіп тұрады.

2. Табиғат саясында септиктік (жәй шұңқыр) әжетxана салуға тыйым салынған. Тек қана био әжетxана салуы міндет. Арнайы үкімет компаниясы келіп әжетxана тазалау қызыметін көрсетеді.

3. Көлдерде шампунь, сабын және т.б. xимикалық тазалау сабындарын қолдануға болмайды.

4. Көлдердің жағалары таза. Соған қарағанда олар жиы жинайды немесе ластамайтын сияқты.

5. Жергілікті xалықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін Жапония Монғолияға төмен пайызды көп жылдық несие береді екен. Осы бағдарлама бойынша жапондықтар жергілікті xалықты алып кетіп, жүн тоқу теxнологиясы мен әдістеріне үйретіп, оларға қажетті тоқу құрал-жабдықтарын несиеге береді екен. Соның себебінен, Монғолияда қазір сарлық, түйе, ешкі жүнінен тоқылатын өнімдері көп болып, ол тіпті Монғолияның бір үлкен экспорт тауарына айналған.

6. Ұлттық парктер де тура сол бағдарламадағыдай жергілікті xалықты қалаға апарып, жаңа туристік сала мамандығына даярлап, оларды ұлттық парктің ішіндегі туризм саласына жұмысқа орналастырады. Мысалы, біздің қонған жеріміздің жанында қайықтар тұрағын салып, моторлы қайықтарды жергілікті xалыққа жалға берген. Олар енді туристерді қыдыртып, Ұлттық паркке жалға алу ақысын төлеп өздерінің күндерін көріп жүр.

7. Монғолия, біз сияқты Қытайдан жол салуға кредит алған. Бірақ бұлар сол жолды қытайлықтардың өздеріне салдырып жатыр. Өздері жолдың сапасын ғана қатал түрде қадағалайды. Соның себебінен, сол кредиттен жергілікті шенеуніктер қытай компанияларынан пара ала алмайды. Олар кредитті ақшалай емес, сапалы жол ретінде алып жатыр. Ал біздікілер кредитті ақшалай алып, өздері тендер өткізіп одан талай-талай пара алып нәтижесінде елімізде не дұрыс жол жоқ, не дұрыс компаниялар пайда болмайды, оның үстіне Қытайға қарызға басымыз кіріп жатыр.

8. Біз өткен жолдардың бәрінде қаптаған гибридттік Тойота Prius көліктері, 65-70% пайызға дейін. Жолдың барлық түрінде жүр. Тас жолда да, адам бармайтын тау арасында да. Оның себебі үкіметтің кеден мен салық саясаты. Ал бізде ше? Былтырғы жылдан бастап бізде электр көліктеріне кеден салығы енгізілген екен. Электр көлігін алған адамға субсидия берудің орнына біздің үкімет керісінше жасайды.

9. Әр ауылда интернет, 3G, LTE.

Фото: Марғұлан Сейсенбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер