BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Моңғолия президенті Жекей Қалидолдаұлының генерал атағын алып тастады

Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга бүгін Моңғолияның бұрынғы депутаты, армия генералы Жекей Қалидолдаұлының генерал атағын алып тастау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі моңғолиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Моңғолия республикасы негізгі заңының 34-бабының 1-тармағына, Моңғолия Республикасы Президент туралы заңның 9-бабының 1-тармағына, Әскери міндет туралы заңның 28-бабының 2-бөліміне және Моңғолия республикасы президентінің 27 наурыз 2018 жылғы "Моңғолия республикасының азаматтығынан шығу туралы" №32 Жарлығының негізінде: Моңғолия республикасының азаматтығынан шығуына байланысты Жекей Қалидолдаұлына берілген "Армия генералы" атағы қайтарылсын" - делінген президент жарлығында.

Жекей бұрын Моңғолия параментінің екі мәрте депутаты болып сайланған, 2007 жылы Моңғолия Шекара қызметі басшысының орынбасары болған. Қазіргі таңда Жекей Қалидолдаұлы Астана қаласында тұрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер