BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Жапон суретшісі Мона Лизаны ерекше әдіспен қайта салды

Мультфильмнен алынған мың түрлі ұсақ кейіпкерлердің бейнесін біріктіріп, жапондық суретші Кейта Сагаки Мона Лиза классикалық картинасын жаңа бейнеде таныстырды. Леонардо да Винчидің әйгілі Мона Лиза туындысы бұған дейін де көптеген түрде қайта салынса, дәл осындай ұсақ суреттермен алғаш рет бейнеленіп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Сагакидің суреті алыстан қара түсті қаламсаппен салынған сияқты көрінеді. Бірақ жақыннан келіп қарасаңыз, картинаның жүздеген мультфильм кейіпкерінен құралғанын көресіз. Мәселен, күшік Мона Лизаның бетінде жатыр, ал күліп тұрған мысықты оның мұрнынан табасыз. Сатурн туралы мультфильм кейіпкерлерін ханымның маңдайынан кездестіруге болады. Және дәстүрлі жапон анимесі мен манга кейіпкерлерін суретші көптеп қолданған.

Леонардо да Винчидің «Ботичелли», «Венераның тууы», «Құпия кештер» туындылары мен Хокусаяның «Канагавадағы үлкен толқын» картинасын да осындай мангалармен салып шыққан.

Жапондық суретші 2004 жылдан бері өзінің қайталанбас стилін қалыптастырды. Бала кезінен бері жақсы көретін манга және аниме мульткейіпкерлерін Батыс өнерімен астастыра білген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер