BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Мирзеев мұғалімдерге мақта тергізген шенеуніктерді қызметінен шеттетеді

Фото: Коммерсант.Уз

Сырдария облысы Сайхунабад ауданы тұрғындарымен кездескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеев мұғалімдерді мәжбүрлеп көше тазалатуға шығарған шенеуніктерді қатты сынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Самарқан облысында мерт болған жас мұғалім Диана Еникееваның өліміне өзін кінәлі санайтынын айтты. Еникееваны президент сапары қарсаңында жол бойын жинау кезінде КамАЗ басып кеткен еді. Мұғалімдерді мәжбүрлеп жұмысқа шығарған шенеуніктер қызметтен қуылатынын президент қатты ескертті.

13 сәуірде Сайхунабад ауданының белсенділерімен кездескен Шавкат Мирзеев ұстаздардың аббаттандыру жұмыстарына тартылуын алғаш мәрте сынады.

Сонымен бірге мемлекет басшысы аймақтарға сапары қарсаңында шұғыл түрде жасалатын «көзбояушылық» жұмыстардан хабардар екенін мәлімдеді.

«Маған бұл аймақ туралы мәліметтерді сапардан бір күн бұрын жеткізеді. Бірақ көптеген орында «көзбояушылық» көп кездеседі. Шынымды айтсам, маған өте ыңғайсыз, мұның бәрінен жиіркенемін. Мұғалімдерге айналаны жинастырып, көше сыпырту - мені ғана емес, менің саясатымды сату», - деді Мирзеев.

Сайхунабад ауданындағы кездесуде Мирзеев «мақтан сөздер» мен «түрлі жиналыста арнайы дайындалған адамдардың мадақтауларынан» жалыққанын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер