BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Министр: Содырлар Орталық Азияға оралуы мүмкін

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирияда жеңіліске ұшыраған содырлар өз елдеріне қайта оралуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы Kazislam.kz сайтты жазды.

Министр террористердің өз еліне қайта оралуы Орталық Азияның бүкіл мемлекеттері үшін қауіп туғызатынын атап кетті. Сол себепті бұл мәселеге ерекше мән беру керектігін айтты.

«ДАИШ террористер тобы Сирияда жеңіліске ұшырағаннан кейін, қазір лаңкестердің өз елдеріне қайта оралу қаупі төніп тұр, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттеріне, бұл мәселеге ерекше мән берген жөн», - дейді министр РИА Новости сауалына берген жазбаша жауабында.

СІМ басшысының айтуынша, Сирияның ішкі ахуалы неғұрлым тезірек қалыпқа келсе, тұрақсыздықтың бұл ошағы да ауыздықталатын болады. Бұл – Қазақстанның ресми ұстанымы, деді ол.

Сириядағы қарулы қақтығыс 2011 жылы басталды. 2017 жылдың соңында Сирия мен Ирактағы ДАИШ террористерінің жеңілгені туралы жарияланған. Алайда елдің кей аудандарында содырлардан тазарту шаралары жүргізіліп жатыр. Ахуалды реттеу бойынша бірінші кезекте саяси проблемалар мен босқындардың қайтарылу мәселесі шешімін табуы керек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер