BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Латвияның мыңдаған тұрғыны өздерін казиноға кіргізбеуді өтінді

Латвияның 1 200-ден астам адамы құмар ойындарды тексеру инспекциясына өздеріне казиноға кіруге тыйым салуды сұрап өтініш жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың алғашқы айында 85 адам өздеріне құмар ойындар ойнауға тыйым салу туралы өтініш жазған. Инспекция бұл өтініштерді қарастырып, оларды ойын бизнесімен айналысатын негізгі коммерсанттарға жібереді. Құмар ойындар клубындағылар қонақтардың кәмелеттік жасқа толуын және жоғарыдағы инспекция берген тізімде болмауын ескеруі тиіс. Казино мұны міндетті түрде жүзеге асырады. Себебі, оларда клиенттік база бар. Бүгінде дәл осылай өтініш жазушылардың саны мыңнан асып отыр.

Sputnik Латвия басылымының хабарлауынша, ойын құмарлық адамдарды қауіпті әрекеттерге итермелейді. Мысалы, осы жылдың қаңтар айында ер адам бес минут автомат ойнау үшін туған баласын көшеде қалдырып кеткен. Кейін жанында баласы болғанын ұмытып, ол бірнеше сағат құмар ойын ойнап жүрген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер