BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Миллиондаған желі қолданушының жеке ақпараты психологиялық тест арқылы таралып кетті

Фото: ашық дереккөзден

Кембридж университетінің зерттеушілері өздерінің қосымшаларының көмегімен оқу мақсатында Facebook-тың үш миллион қолданушысының жеке мәліметтерін жинаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі New Scientist сайтына сілтеме жасап.

Университет қызметкерлері жасап шығарған қосымша «myPersonality» деп аталады. Ол 2007 жылы іске қосылған, психологиялық тест ретінде жасақталған қосымша одан өткен адамға бірден нәтиже беретін болған. Сұрақтарға жауаптардан басқа ол қолданушылардың келісімімен Facebook профилінен жеке мәліметтерді жинақтаған.

Тесттен милионнан астам адам өткен, олардың шамамен жартысы өз еркімен аккаунтындағы ақпаратты қосымша үшін қолжетімді еткен. Олардың мәліметтері сайтта сақталған және ол ақпаратты кез келген адам сол сайтқа бір екі минутта тіркелу арқылы ала алған.

Кеңейтілген тұрғыда қолжетімділік үшін жоба авторымен бірлесіп тіркелу керек болатын. Осылайша, шамамен 150 университет пен компанияның 280-нен астам азаматы тіркелген. Facebook, Google, Microsoft және Yahoo компаниялары да осылай істеген.

Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде Facebook myPersonality-мен жұмыс істеуді тоқтатты. Оған Cambridge Analytica саяси консалтингпен айналысатын компанияның жеке парағына қатысты жанжал себеп болды. Тhisisyourdigitallife компаниясы аталған қосымша арқылы 90 милионға жуық қолданушының жеке ақпаратына қолжеткізген.

New Scientist түсіндіріп кеткендей, компаниялар мәліметтерді қорғау процедурасын сақтау міңндеттемесін алсада және тікелей қаржы алмағанына қарамастан myPersonality тек ғылыми емес, сонымен қатар коммерциялық жоба болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер