BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Microsoft нарық бағасы бойынша Appleді қуып жетті 

Астана, BAQ.KZ. 30 қарашада Microsoft капитализациясы АҚШ пен әлемдегі ең қымбат компания Apple-ден асып түсті. Бұл жөнінде Iz.ru хабарлады.

Сауда қорытындысы бойынша Microsoft акцияларының бағасы 6% көтеріліп, нәтижесінде компания капитализациясы 851,22 млрд долларға жетті. Дәл сол уақытта Apple акциялары 0,5% арзандап, компанияның нарықтық бағасын 847,47 млрд долларға төмендеген болатын.

Тамыз айының басында Apple нарықтық бағасы бойынша Amazon-нан асып түсіп, капитализациясы 1 трлн доллар болатын америкалық компания атанған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер