BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ангела Меркель осымен төртінші рет Германия канцлері болып сайланды

Фото: beztabu.net

Бундестаг төртінші рет қатарынан Ангела Меркельді Германия канцлері етіп сайлады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агеттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Ангела Меркель қажетті дауыс жинап, канцлер болып сайланды», - деді Бундестаг (ГФР парламенті, жалғыз конституциялық орган) басшысы Вольфганг Шойбле.

Құпия дауыс беру нәтижелерінде депутаттар ұзақ уақыт бойы шапалақтады. Бундестагтағы құрметті жиынға Меркельдің күйеуі Йоахим Зауэр және Канцлердің 89 жастағы анасы Герлинд Каснер қатысты.

Меркельдің кандидатурасын ел президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ұсынған.

Сонымен қатар, былтыр күзде Бундестагтағы сайлаудан кейін келіссөздер коалициясы құрылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер