Мексикада соңғы 18 жылда 140 журналист өлтірілген - Әлем|09 Тамыз 2018, 11:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Мексикада соңғы 18 жылда 140 журналист өлтірілген

Фото: ria.ru

2000 жылдан бастап Мексикада 134 журналист кісі қолынан қаза тапқан. Бұл туралы елдегі адам құқықтары жөнінде ұлттық комиссиясы мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Комиссияның мәліметінше, 2005 жылдан бастап 21 БАҚ қызметкері із-түссіз жоғалып кеткен.

«БАҚ өкілдерінің із-түссіз жоғалуы мен өлімінің артуы ұлттық деңгейінде болып отырғанын көрсетеді», - деді адам құқықтарын қорғаушы баяндамасында.

Осыған дейін Латын Америкасы елдерінің статистика және география ұлттық институты 2017 жылы Мексикада 31,2 мың адам өлтіру фактісі тіркелгенін хабарлаған болатын.

Соңғы жылдары Мексикада АҚШ-қа кокаинды транзиттеуді бақылау үшін наркокартельдерге қарсы күресте көптеген озбырлық әрекеттер орын алған. Осы жылдың өзінде елде 16 мың адам кісі қолынан қаза тапқан. Ал бұл көрсеткіш 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы статистикадан 18%-ға көп.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер