BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Мексикада болған сел 170 мың адамның мүлкіне шығын келтірді

Фото: News.lt

Мексиканың «Сонора» штатында болған «19-Е» тропикалық дауылы 170 мың адамның мүлкіне шығын келтірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Губернатор Клаудии Павлович Арельяноның айтуынша, қатты жауын салдарынан Эрмосильо, Гуаямас, Кахеме, Аламос, Бакум, Бенито-Хуарес, Эмпальме, Этчохоа, Уатабампо сияқты шағын елді мекендердің халқы зардап шеккен.

Ол сенбі күні зардап шеккен бірнеше ауданды аралап шыққан, ал штат үкіметі ол жаққа әскери тікұшақтар мен қорғаныс күштерін және азық-түлік, су, дәрі-дәрмек жіберген.

Жұма күні Сонора штатының су басқан 11 елді мекенінде төтенше жағдай енгізілген. Бұған дейін Синалоа штатының 11 елді мекеніне қатысты төтенше жағдай енгізілген болатын.

Сонорада жұма күні кішкентай бала қаза тапқан. Су ағызып әкеткен екі жасар баланың денесін сүңгүірлер тапты. Бұған дейін үш адамның қаза тапқаны және тағы 3 адамның із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер