BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Мехикода оқ атылды: бірнеше адам қаза тапты

Фото: RT

Мехиконың орталығындағы алаңда белгісіз адамдар тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Салдарынан үш адам қаза тауып, жеті тұрғын жарақат алды, деп жазады Life.ru агенттігі.

Қайғылы оқиға Мексика астанасының туристер келетін ең танымал Гарабальди алаңында болды.

Шабуыл жасағандар мотоциклдермен қашып кеткен. Олардың үшеуі мариачи жанрындағы музыканы орындайтын адамдар сияқты киінген. Құқық қорғау органдары қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер