BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

Мәскеуде қыз бен жігіт қосақталған күйі 14-қабаттан секіріп кетті

Мәскеуде бозбала мен бойжеткен 14-қабаттан секіріп кеткен. Алған жарақаты салдарынан екеуі де қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі "Известия" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген дәрігерлер олардың өлімін тіркеген. Жігіт те, қыз да - 17 жаста. Куәгерлер марқұмдардың қолына кісен салынғанын немесе жіппен байланғанын айтқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар секіріп кеткен жерден соңғы хат табылған. Бұл хатты олар өздерімен бірге көмуді өтініпті.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

"Өте көңілді қыз болатын, жігіт те ашық-жарқын еді. Әрдайым бірге жүретін. Не болғанын Құдай білсін", - дейді олардың құрбысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер