BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Марста қала салынбақшы

Фото: Twitter © @DXBMediaOffice

БАӘ алдағы 100 жылда Қызыл ғаламшарға адамдар жіберіп, шағын қала салуды жоспарлап отыр. Ел билігінің бұл жоспары «Марс-2117» жобасы аясында іске аспақ, деп хабарлайды Baq.kz.

Жоба эскиздері интернетте таралған. Жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы БАӘ премьер-министрі әрі Дубай әмірі шейх Мохаммед бен Рашид Аль Мактум мен Әбуд-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мохаммед бен Заид Аль Нахайян мәлімдеді.

Олардың айтуынша, бұл жоба XXI ғасырда ғылым мен технологияны дамытуға, жастардың білімге деген құлшынысын арттыруға бағытталған.

«Марс-2117» жобасы аясында БАӘ ұлттық университеттері базасында ғылыми-зерттеу орталықтары құрылып, елдің ғылыми-техникалық базасы күшейтіледі деп болжануда. Аль Мактумның айтуынша, Әмірлік ғарыш ғылымына ең көп инвестиция құятын тоғыз елдің қатарына кіреді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер