USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Марқұм И.Каримовтың үлкен қызы халық алдына шығып, сөз сөйлемек

Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримова жастарды әкесін еске алуға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Гүлнара Каримова әкесі бақилық болғаннан бері халық алдына шықпаған еді. Жақында ол Твиттердегі аккаунтында жастарды әкесін еске алуға шақырған. Іс-шарада марқұм президенттің үлкен қызы сөз сөйлейді деп күтілуде.

Айта кетсек, Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін бірқатар БАҚ Гүлнара Каримованың көз жұмғанын жарыса жазып, шулаған болатын. Алайда Ташкентте бұл ақпарат жоққа шығарылды.

Естеріңізге салып өтсек, Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримов 2 қыркүйек күні 79 жасында дүниеден озды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады