BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Малайзияда 92 жастағы Махатхир Мохамад қайта билікке келді

Бүгін Куала-Лумпурда сайлау өтіп, премьер-министр Наджиб Разак жеңіліске ұшырады. 92 жастағы оппозициялық партия өкілі Махатхир Мохамад жеңіске жетіп, Малайзия билігінде түбегейлі өзгерістер орын алуда. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

64 жастағы Наджиб көптеген дау-дамайға басы қалып, сайлау кезінде Махатхир партиясынан жеңіліс тапты. Ал Махатхир Мохамад бұрын елді 22 жыл басқарған, елде өткізіліп отырған 14-ші жалпыхалықтық сайлауға қатысу үшін зейнеттен қайта оралды.

Малайзиядағы ең беделді саяси отбасының мүшесі Наджибтің жеңіліске ұшырауы ұятқа қалғанын білдіреді. Оның Барисан Насиональ деп аталатын коалициялық партиясы ел тәуелсіздік алғалы бері 61 жыл бойы Малайзияны басқарып келген.

Парламенттегі 222 орынның 121-ін енді Махатхирдің коалициясы алатын болады. Ал Барисан Насиональ партиясы 2013 жылы сайлауда алған 133-орыннан енді тек 79-орынға ие болып қалды.

Наджиб партиясының кабинет өкілдері, министрлер мен олардың орынбасарлары штаттың маңызды 12 заң шығарушы органының сегізінде жеңіліске ұшырады.

Сайлау комиссиясының ресми мәлімдемесі бойынша, 14,3 млн сайлаушының 76 пайызы дауыс беруге келген. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00-де сайлау учаскелері ашылып, кешкі сағат 17:00-ге дейін жалғасты. Бұл сайлау Наджибтің саяси мансабы аяқталып, Махатхирдің зейнетке шыққан соң 15 жылдан кейін тамаша жеңіспен оралғанын білдіреді.

Наджиб пен жаңа премьер Махатхир енді халық алдында сөз сөйлейді деп күтілуде. 10, 11 мамыр күндері енді мемлекеттік мереке ретінде Малайзия тарихындағы ең маңызды күн болып жарияланды.

Ағылшын тілінен аударған

Алтынай ҚУАНЫШБЕК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер