BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Lexus мінген қыз бір топ адамды басып кеткен сəт видеоға түсіп қалды

Украинаның Харьков қаласында бес адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты бейне бақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды РЕН ТВ. Оқиға кеше болған.

Жазбаны Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Lexus жүргізушісі, 20 жастағы Алена Зайцева Харьковтағы көшелердің бірінде бір топ адамды қағып кеткен. Оқиға салдарынан бес адам қаза болды, тағы алтауы ауруханаға жатқызылды. Екеуінің жағдайы ауыр. Зардап шегушілердің бірі, жүкті әйел комада жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Апатқа кінәлі қыз тұтқындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер