BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Лавров Батыспен қарым-қатынас соғыс кезіндегіден де нашар екенін айтты

Фото: riafan.ru

Ресей Сирияда химиялық қаруды қолданған деп болжанған жерде айғақтарды манипуляциялаған жоқ. Бұл жөнінде Би-Би-Сиге сұхбат берген РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «ВВС Русская служба» порталына сілтеме жасап.

«Ресей ол жерде ештеңені тазалап, жоймағанына мен кепілдік беремін», - деді Лавров бағдарламада.

Негізінен, Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымдағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Кеннет Уорд Ресей шабуыл орнындағы айғақтардың көзін жою мүмкін екенін айтқан болатын.

«Тиімді тергеу жүргізуге бағытталған фактілерді жинау бойынша ХҚТҰ миссиясының іс-әрекеттерін тоқтату мақсатында орыстардың айғақзаттарды жою мүмкіндігі бізді мазалайды», - деді Уорд Гаагада өткен ХҚТҰ жабық отырысында.

Ал Лавров өз кезегінде батыс елдердің Сирияда химиялық қаруды қолдану болжамдарына қатысты келтірген дәлелдемелерінің барлығы БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақпаратқа негізделгенін айтты.

«7 сәуір күні Думада химиялық қару қолданылғанына ешқандай дәлел жоқ. Ол жерде тек қойылым ғана орын алды», - деді ол.

Сонымен қатар, Лавровтың пікірінше, Ресей мен Батыс қарым-қатынасы қазір қырғи-қабақ соғыс кезіндегіден де жаман.

«Әрине, салдары болады. Біз ақылға қонбайтын саясат негізінде әрекет еткісі келетін батыстағы әріптестерімізге деген соңғы сенімдерімізді жоғалтып жатырмыз. Қырғи-қабақ соғыс кезінде коммуникация арналары болатын. Ол кезде санкциялар арқылы геноцид түрінде орын алып жатқан орыстарға деген үрей болмаған еді», - деді Лавров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер