BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Лас ауа балалардың миына зиянын тигізеді – ЮНИСЕФ

Дүниежүзі бойынша бір жасқа дейінгі 17 миллион бала улы ауамен дем алып жүр. Ауаны ластайтын заттар енді дамып келе жатқан миға өмір бойы зиян әсер етуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Балалар қорының баяндамасында ескертілген, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі bbc-ге сілтеме жасап.

Лас ауадан ең үлкен қауіп Оңтүстік Азияның балаларына төніп тұр. Бұл аймақта 12 миллион бала тұрады. Ал өңірдегі ауаның ластану деңгейі негізгі қауіпсіздік деңгейінен алты есе жоғары.

Сондай-ақ, Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймағындағы тағы төрт миллион адамға осындай қауіп бар.

ЮНИСЕФ-тің баяндамасында лас ауамен тыныс алған кезде ми тініне зақым келіп, баланың танымдық дамуына кері әсер ету мүмкіндігі айтылған. Яғни вербалды-бейвербалды IQ мен есте сақтау, балалардың мектептегі емтихан кезінде тестілеуден алып қалатын төмен нәтижесі арасында байланыс бар. Осылайша, сәби күнінен лас ауамен тыныс алған адамның миы өмір бойы зақымданып қалуы ықтимал.

«Егер қоршаған ортаны дұрыс қорғамасақ, оның ластануын азайтпасақ, онда алдағы жылдары көптеген балаға осындай қауіп төне береді», - делінген хабарламада.

ЮНИСЕФ қорғаныш маскаларын пайдалануға және ауаны фильтрлеу жүйесін іске қосуға шақырып, ауа қатты ластанған уақытта саяхатқа шықпауға кеңес береді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер