BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Кувейтте онкологиялық ауруларға шалдыққан эмигранттарға тұруға тыйым салынды

Кувейтке шетелден жұмыс істеуге келгендер арасында қант диабеті және онкологиялық, басқа да жұқпалы емес аурулармен ауыратындарға елде тұруға рұқсат берілмейді. Бұл туралы Al Arabiya басылымы жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кувейттің денсаулық сақтау министрлігі елде тұрақты тұру құқығынан айыратын 22 аурудың тізімін жасады.

Рак және қант диабетімен қатар, аурулардың тізімінде бүйрек жетіспеушілігі, көздің проблемалары, қан қысымының жоғары болуы, диарея бар. Ал, бұған дейін бойынан ауру табылмаған тұрғылықты тұру құқығы жойылмайды.

Шектеу бойынша жүргізілетін жаңа шаралар елдегі денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындарды азайтуға, сондай-ақ елге жұмыс істей алатын эмигранттардың келуіне ғана бағытталған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер