BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Құрлық пен суда қозғалатын әлемдегі ең ірі ұшақ сынақтан өтуге дайын

Құрлық пен суда қозғала алатын әлемдегі ең ірі амфибиялық ұшақ сынақтан өтуге дайын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең ірі қытайлық AG600 амфибиялық (авт. Амфибия — құрлықпен де, сумен де қозғала алатын әскери немесе азаматтық көлік, танк, транспорт, автомобиль, ұшақ) ұшағының су бетіндегі сынағы 2018 жылдың соңына қарай жоспарланған. Бұл ұшақты мамандар су айдаһары деп атайды. Ол өртті сөндіруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған.

Сынақтар Қытайдың Хубэй провинциясындағы су қоймасында жүргізіледі. Сондай-ақ, ол жерде құтқару орталығы, оқу базасы мен құтқару жабдықтары бар қойма салынады.

Ұшақтың жобасы тоғыз жыл бұрын бекітілгенімен, ол 2016 жылы құрастырылды. Ұшақ төрт турбо-винтті қозғалтқышпен жабдықталған және 20 секундта 12 тонна су жинауға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, AG600 ұшағы тек Қытайда емес, бүкіл әлем бойынша өз санатындағы ең үлкен ұшақ болып есептеледі. Бұл туралы Global Times газеті жазды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер