USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Құрылыс алаңынан динозавр қаңқасы табылды

Фото: 24.kz

Қытайда құрылыс жүргізіп жатқан жұмысшылар тас болып қалған динозаврдың қаңқасын тапты. Ғалымдардың айтуынша, бауырымен жорғалаушы шамамен 60-70 миллион жыл бұрын Бор дәуірінде өмір сүрген болуы мүмкін.

Мамандар динозавр қаңқасына қарап, оны батпаққа батып, сол жерден шыға алмай өлген болуы мүмкін деген болжам жасады. Сонымен қатар мамандар динозавр жаңғақ, дәнді дақылдар және жұмсақ денелі омыртқасыз жәндіктермен азықтанған деп санайды.

«Денесі уақ малдың көлеміндей болған. Аса ірі емес. Қанаттары болғанымен, ұша алмаған. Қанатты тек жауына қарсы тұруға немесе бір-бірінің назарын аудару үшін пайдаланған болуы мүмкін. Аузында тісі болмағанымен, тұмсықты. Сондықтан тираннозаврлар сияқты жыртқыш немесе тек шөппен қоректенген бронтозаврға ұқсайды деп айтуға келмейді», - дейді палеонтолог Стив Брюсатте.

Хабар 24

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2016, 15:25
Головкин жаттығуын тоқтатты
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады