BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Күйеуін өлтірген 19 жастағы әйел өлім жазасына кесілді

Өз еркінен тыс тұрмысқа шыққан 19 жастағы қыз күйеуін өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. CNN басылымының жазуынша, Нура 15 жасында тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол барған үйінен қашып, отбасынан үш жыл бойы жасырынып жүреді. Алайда туыстары алдап оны туған әкесіне қайтып келуге көндіреді. Осыдан кейін күйеуі оны зорлайды. Күйеуіне бұл әрекетін жүзеге асыруға Нураның ағасы мен туысқан бауыры көмектескен.

Келесі күні ер адам осы әрекетін қайталамақ болады. Нура қарсылық ретінде оған пышақ сұғып алады. Ал Нураның әке-шешесі қыздарын осы оқиғадан кейін полицияға ұстап береді.

Өлім жазасы туралы үкім жақын уақытта шықты. Марқұмның туыстары қызға кешірім беруге немесе жазасын ақшалай өтеуге қарсы болды. Бұл іс әлеуметтік желі арқылы барша әлемге тарады. Желі қолданушылары қызға көмектесу мақсатында #JusticeforNoura және #SaveNoura хэштегтерімен әртүрлі пост жазды. Суданда заң бойынша қыздар 10 жастан бастап тұрмысқа шығады. Яғни марқұмның бұл әрекеті қылмысқа жатпайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер