USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Колумбиядағы ұшақ апаты: Аман қалғандар бар

Колумбияның солтүстік-батысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. Әуе кемесінің бортында 72 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ұшақ апатынан алты адам аман қалған, деп хабарлайды Baq.kz.

«Новости Восточной Антиокии» басылымы твиттердегі парақшасында апат орнынан түсірілген алғашқы суреттерді жариялады.

Әуежай таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, экипаж мүшелері қозғалтқыштан ақау шыққанын хабарлаған.

Боливиядан Колумбияға бет алған лайнердің бортында Бразилияның «Шапекоэнсе» клубының футболшылары болған. Аталған құрама Оңтүстік Америка Кубогының финалына бара жатқан екен.

БАҚ ақпаратынша, жолаушылар ұшағы Ла-Уньон қаласының Антиокия провинциясында құлаған. Жергілікті билік ауа райының қолайсыздығы құтқару қызметтеріне қиындық тудырып отырғанын хабарлады.

Іздеу-құтқару операциясына Колумбия ӘӘК-нің екі тікұшағы жұмылдырылды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады