USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Колумбияда футболшылар мінген ұшақ құлады

Колумбияның солтүстік-батысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 72 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Боливиядан Колумбияға бет алған лайнердің бортында Бразилияның «Шапекоэнсе» клубының футболшылары болған. Аталған құрама Оңтүстік Америка Кубогының финалына бара жатқан екен.

БАҚ ақпаратынша, жолаушылар ұшағы Ла-Уньон қаласының Антиокия провинциясында құлаған. Жергілікті билік ауа райының қолайсыздығы құтқару қызметтеріне қиындық тудырып отырғанын хабарлады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады