USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Көкте қалықтап жүрген «Әзірейіл» жұртты шошытты

Фото: vesti.ru

«Твиттер» әлеуметтік желісінде жарияланған «ажал періштесінің» суреттері америкалықтардың зәресін алды. Суреттерден қара киім жамылған, шынжырлаулы адам қаңқасының аспанда қалықтап жүргені анық көрінеді. Жазба авторы Зак Крюгер шын мәнісінде мұның кәдімгі дрон екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Айтуынша, қалжыңбас ағасы көршілерін осылайша алдап соқпақ болған. «Әзірейілді» көрген кейбір көршілер қатты қорқып қалса, енді бірі мұның ойын екенін бірден түсінген. Алайда, интернет қолданушы бұл суреттердің ғаламторда тез тарап кеткеніне таңғалып отыр. Қазір бұл постқа 280 мың «лайк» басылған екен, деп жазады vesti.ru.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады