BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қытайлықтар лифтіде жолақы төлеп жатыр

Қытай астанасы Пекиндегі тұрғын үйлерде лифтімен көтерілгені үшін төлем талап етіле бастады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі BBC News басылымына сілтеме жасап.

Алғашқы ақылы лифттер қаланың оңтүстігіндегі ескі ғимараттарда құрыла бастады. Ол үйлерде бұрын баспалдақ болған. Төлем кезінде қоғамдық көліктегідей технология қолданылады. Лифтке кіру үшін валидаторға электронды билетті қою керек. Содан соң ол билеттен 0,2 юань (10,08 теңге) ақша алып отырады.

Кейбір тұрғын жаңадан енгізіліп жатқан төлемге қарсы. 60 жастағы Ян Гуйсянның айтуынша, ақылы лифт қойғаннан кейін ол ауыр сөмкелерін баспалдақпен көтеріп жүруге мәжбүр болыпты.

«Маған осылай ыңғайлырақ», - дед әйел.

Әлеуметтік желі қолданушылары да жаңалыққа қатысты пікір бөлісті.

«0,2 юань – көп ақша емес, бірақ мен бәрібір соңында баспалдақпен жүретініме күмәнім жоқ», - деп жазды қолданушылардың бірі.

Beijing News басылымы тұрғындар лифтіге айына 100 юань (5042 теңге) төлейтін болады деп хабарлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер