BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қытайлық аяғы жоқ зейнеткер Эверест шыңын бағындырды

Фото: ria.ru

70 жастағы альпинист Ся Боюй аяқтарының жоқтығына қарамастан Эверест шыңын бағындырған алғашқы адам, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

«Қытайдың екі аяғы жоқ альпинисі бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 08.40-та шыңға шықты. Ол екі аяғы жоқ болса да, таудың оңтүстік жағындағы шыңын бағындырған алғашқы адам», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол екі аяқсыз-ақ Эверестті бағындырған алғашқы адам болып саналады, ал тибет жақтағы шыңды бағындырған алғашқы адам – жаңазеландиялық Марк Инглис. Ол 2006 жылы шың басына шықты.

Қытай альпинисі жоғарғы сот екі аяғы жоқ, сондай-ақ көзі көрмейтін адамдарға 6,5 мың метрден жоғары болатын кез келген тауға шығуға рұқсат еткеннен кейін непалдық биліктен экспедицияға рұқсат алады.

Ся Боюй Эверестке шықпас бұрын тілшілерге әлемдегі ең биік шыңды бағындыруға бесінші рет талпыныс жасап тұрғанын айтқан.

Ол 1975 жылы Эверест шыңына шықпақ болған кезінде аяғын үсітіп алып, кестіруге мәжбүр болған. Бұл сәтсіздік оның жолын бөгей алмады. Ол бұл шыңды 2014, 2015, 2016 жылдары бағындыруға талпынған, бірақ мақсатқа жетуіне қар көшкіні, жер сілкінісі және қолайсыз ауа райы кедергі келтірген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер