BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қытайлық миллиардер Джек Ма 2019 жылы Аlibaba басшылығынан кетеді

Қытайдағы ірі электронды сауда корпорацияның негізін қалаушы Джек Ма компанияның басшысы лауазымынан 2019 жылдың 10 қыркүйегінде кетеді. Бұл туралы Alibaba Group таратқан баяндамада жазылған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

«Бүгін Аlibaba 19 жасқа толды. Мен тура бір жылдан кейін 2019 жылдың 10 қыркүйегінде Alibaba Group корпорациясының басқарма кеңесінің төрағасы міндеттерін атқармайтынымды толқып айтып тұрмын», - делінген компанияның әлеуметтік желідегі ресми Weibo парақшасында тараған Джек Маның хабарламасында.

Басқарма төрағасының міндетін компаниядағы қазіргі СЕО Чжан Юн (Дэниэль Чжан) атқаратын болады.

«Бүгінгі күннен бастап мен біздің компаниямыздың осы ауысымға байланысты Чжан Юнға барлық күшімді аямай көмектесемін», - деді Джек Ма.

2019 жылдың 10 қыркүйегінен кейін Джек Ма директорлар кеңесінен бастап 2020 жылға дейін акционерлер жылдық кеңесінің мүшесі болып қалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер