BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қытайда ең биік шыны көпір салынды

Фото: korrespondent.net

Теңіз деңгейінен 2 мың метрге жуық биіктікте салынған көпір Қытайдың Сычуань провинциясындағы Батайшань ландшафт саябағында орналасқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КорреспонденТ порталына сілтеме жасап.

Қытайлар елдегі жаяу жүргіншілерге арналған ең биік шыны көпірді ашты. Ол теңіз деңгейінен 1980 метр биіктікте бой көтерген.

Қытай орталық телевизиясының ақпараты бойынша, көпірдің ұзындығы – 198 метр, ал ені – 2,5 метр. Таңғаларлық құрылыстың жалпы құны шамамен 1,5 миллион доллар.

Көпір едені шыны болғандықтан, 186 метр биіктіктен аяқ астындағының барлығын еркін тамашалауға болады. Көпір биіктігі 66 қабатты алып ғимаратқа тең келеді. Көпірді салған азаматтардың айтуынша, ол біруақытта 2 мыңға жуық адамды көтере алады. Алайда, қауіпсіздік мақсатында көпірде бір уақытта тек 500 адамның жүруіне рұқсат етіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер