BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Қытайда бұршақ аралас жаңбыр жауды: қаза тапқандар бар

Фото: segodnya.ua

Биліктің мәліметінше, бұл құбылыс алты ауылға зиян келтірді. Ол ауылдарға палатка, қолшатыр, азық-түлік сияқты қажетті заттар жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі segodnya.ua сайтына сілтеме жасап.

Қытайдың солтүстік батыс бөлігінде орналасқан Ганьсу провинциясында бұршақ аралас жаңбыр жауып, соның салдарынан жеті адам қаза тауып, бір адам зардап шекті.

Сәрсенбі күні кешкі сағат 16:00-20.00 аралығында бұршақ аралас жаңбыр жауған. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілген, қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты. Қаза тапқан тұрғындардың туыстарына 10 мың юань көлемінде өтемақы төленеді (шамамен 1,6 мың доллар).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер